Серикболова Лаура Серикболкызы » М.ӘуезовСредняя школа имени
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"М.ӘуезовСредняя школа имени "
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » » Серикболова Лаура Серикболкызы
15
апрель
2021

Серикболова Лаура Серикболкызы

  Серикболова Лаура Серикболкызы 1987жылы 13 ақпанда Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылында дүниеге келдім. №4 Шонжы орта мектебін 2004 жылы аяқтадым. 2005-2009жылдар аралығында Абай атындағы ұлттық педагогикалық университетінің физика-математика факультетінің «информатика» мамандығы бойынша оқыдым. Еңбек жолымды  УНПК «Алматы Сәулет-Құрылыс» колледжінде  «офис-менеджер» маманы болып бастадым. Ұстаздық еңбек жолымды 2013 жылы Алматы қаласы Алатау ауданы Өжет ауылының №156 жалпы білім беретін орта   мектебінде бастадым. 2013-2015 жылдар аралығында №156 жалпы білім беретін орта  мектебінде мұғалімдік қызмет атқардым. 2014 жылы 2016 жылдары Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне оқуға түсіп, 2016 жылы «қазақ тіліндегі мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» квалификациясы берілді. 2014 жылы жолдасымның жұмысының ауысуына байланысты Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қызылшарық ауылына көшіп келдік және Дихан орталау мектебіне 0,5 кітапханашы, 0,5 хатшы және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып, жұмысқа орналастым. 2016 жылдан бастап М.ӘуезовСредняя школа имени те қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімімін.Қазіргі уақытта осы мектепте еңбек етіп келемін.

    Өзекті мәселем: «Жаңартылған білім берудің маңыздылығы-оқушы тұлғасының үйлесімді,қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау,зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау,жинақтау».Әр ісіме жауапкершілікпен, шығармашылықпен қарауға, жоғары адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға тырысамын. Отбасылымын жолдасым, бір қызым бар.