Хабарландыру » М.Әуезов атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"М.Әуезов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
декабрь
2022

Хабарландыру

Хабарландыру


   «Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына (ҚР Білім және ғылым министрінің 19.11.2021 № 568 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.11.2021 № 432 бірлескен бұйрығымен өзгерістер енгізілген) сәйкес    Қызылшарық  ауылы, Максутов  көшесі №15 үйде орналасқан «Алматы облысы білім басқармасының  Еңбекшіқазақ ауданы   бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесініңм «М.Әуезов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагог-психологы  қызметі бос лауазымды орынға конкурс  жариялайды.


Орта білім беру мекемесінің педагог - психологының лауазымдық міндеттері:

   Оқушылардың психологиялық және әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз етуге және қалыпқа келтіруге, олардың әртүрлі өмірлік жағдайларда әлеуметтік-психологиялық бейімделу қабілетін дамытуға, сондай-ақ кәсіби өзін-өзі анықтау мәселелерінде көмек көрсетуге бағытталған қызметті жүзеге асырады;

   білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагог қызметкерлердің және оқушылардың немесе оларды алмастыратын адамдардың ата-аналарының психологиялық мәдениетін қалыптастырады;

   инклюзивтілік қағидатын іске асыруға жәрдемдеседі және білім беру процесіне қатысушылардың барлығының мінез-құлқының толерантты мәдениетін қамтамасыз етеді;

   буллингтің, өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу бойынша жұмыс жүргізеді;

   білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді;

   әр түрлі бағыттағы және бағыттағы психологиялық диагностиканы жүргізеді, оқыту, тұлғалық даму және мінез-құлық проблемаларын уақтылы анықтайды, психологиялық қорытынды жасайды;

   ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалауға қатысады және оның негізінде оқушылардың жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, дамыту бағдарламаларын, сондай-ақ педагог-ассистенттің іске асыруы үшін балалардағы проблемалық мінез-құлықты жеңу бағдарламаларын әзірлейді;

   әртүрлі психологиялық проблемалары бар балаларға, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға консультациялар, жеке, кіші топтық және топтық дамыту сабақтары нысанында психологиялық көмек көрсетеді;

  дарынды оқушыларды психологиялық қолдауды жүзеге асырады;

  ата-аналарға, педагогтерге, мамандарға, нақты психологиялық мәселелерді шешуде консультациялық көмек көрсетеді;

  педагогикалық ұжымға, сондай-ақ оқушылардың жеке және әлеуметтік даму проблемалары бойынша оқушылардың немесе оларды алмастыратын адамдардың ата-аналарына ұсынымдар әзірлеу мақсатында зерттеу жұмыстарының материалдары бойынша психологиялық талдауды жүзеге асырады;

   белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді, педагогикалық, әдістемелік кеңестердің жұмысына, ата-аналар жиналыстарын, сауықтыру, тәрбиелеу және білім беру ұйымының жұмыс жоспарында көзделген басқа да іс-шараларды өткізу жөніндегі жұмысқа қатысады; 

  кәсіби құзыреттілікті арттырады, мектеп жасындағы балалармен психологиялық жұмыстың заманауи әдістері мен технологияларын қолданады;

  баланың құқықтарын қорғау жөніндегі конвенцияға сәйкес жеке адамның құқықтарын қорғауға жәрдемдеседі;

  балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды;

  білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.

  Білуге тиіс: 

  Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдары және білім беру мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер;

   жеке тұлға психологиясы, дифференциалды балалар және жас ерекшеліктері, әлеуметтік, медициналық психология, балалар нейропсихологиясы, патопсихология, психосоматика; 

  педагогикалық этиканың нормалары;

  дефектология, психотерапия, сексология, психогигиена, кәсіптік бағдар, мамандану және еңбек психологиясы, психодиагностика, психологиялық кеңес беру және психопрофилактика негіздері;

  белсенді оқыту, әлеуметтік-психологиялық қарым-қатынас әдістері;

  жеке және топтық кеңес берудің, диагностика мен баланың дамуын түзетудің заманауи әдістері, 

  еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.

 Біліктілікке қойылатын талаптар: 

  "Педагогика және психология" бағыты бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе бейіні бойынша жоғары медициналық білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;

  және (немесе) біліктілігінің жоғары немесе орта деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 5 жыл;

  және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-шебер үшін кемінде 5 жыл.

Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

1) "педагог": 

  заманауи психологиялық әдістерді қолдану керек; 

балалармен диагностикалық, түзету жұмыстарын жүргізу;

  балалардың эмоционалды әл-ауқатын, тиімді дамуын қамтамасыз ету; 

  білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлау және ұйымдастыру;

  педагогикалық ұжым мен ата-аналарға психологиялық білім беруді жүзеге асыру;

2) "педагог – модератор": 

  "педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

  жеке психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, балалармен жұмыс жүргізу; 

  балалармен, педагогтармен, ата-аналармен проблемалық (стандартты емес) жағдайларда жұмысты ұйымдастыру; 

  ересектердің балалармен қарым-қатынасын қамтамасыз ету және реттеу; 

  әлеуметтік бейімделудің белсенді әдістерін қолдану; 

  ата-аналар мен педагогтарға консультациялық көмек көрсету;

3) "педагог – сарапшы":

  "педагог-модератор" біліктілігіне, сондай-ақ:

  әр түрлі профильдер мен мақсаттардағы психологиялық диагностиканы жүргізу, балалармен жеке жұмыс жүргізу;

  шығармашылық топты басқару, психологиялық – педагогикалық қызметтің өзекті мәселелері бойынша конференцияларға, семинарларға қатысу;

  мектеп жасына дейінгі балаларды психологиялық қолдау бойынша ұсыныстар әзірлеу;

  тәлімгерлікті жүзеге асыру және білім беру ұйымы деңгейінде өзінің және әріптестерінің кәсіби даму басымдықтарын айқындау, аудан/қала деңгейінде тәжірибені жинақтау;

4) "педагог-зерттеуші":

 "педагог-сарапшы" біліктілігіне, сондай-ақ:

 психологиялық тексеру және диагностика деректерін ескере отырып, мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасау бойынша психологиялық-педагогикалық бағдарламаларды дербес әзірлеу, психологиялық қорытынды жасау және түзету жұмыстарын жүргізу; 

 әдістемелік құралдар, Оқу-әдістемелік кешендер әзірлеу;

 психологиялық-педагогикалық жұмысты ұйымдастырудың инновациялық тәжірибесін енгізу;

 балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру бойынша педагогтерге көмек көрсету;

 аудан, қала деңгейінде психологиялық - педагогикалық қоғамдастықта тәлімгерлікті жүзеге асыру және даму стратегиясын айқындау, облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана деңгейінде тәжірибені жинақтау;

5) "педагог-шебер":

 "педагог-зерттеуші" біліктілігіне, сондай-ақ:

 РОӘК-те мақұлданған, авторлық бағдарламасы болуы немесе шығарылған оқу-әдістемелік құралдардың, оқу-әдістемелік кешендердің авторы (тең авторы) болуы; 

 тәлімгерлікті жүзеге асыру және облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау;

 білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен республикалық және халықаралық кәсіптік конкурстардың қатысушысы болу.


Лауазымдық жалақы мөлшері- шамамен 100 000 - 200 000  теңге.


Білім беру мекемесі хабарландыру шыққан күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде бос лауазымға орналасуға мынадай құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады:

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

 2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);

 10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

 "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабында көрсетілген адамдар конкурсқа қатысуға жіберілмейді. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жұмысқа орналасуға тыйым салатын сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық және/немесе педагогикалық әдеп нормаларын бұзу туралы мәліметтер анықталған жағдайда, педагог конкурстың кез-келген кезеңінде шеттетіледі.

Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

Үміткерлерден  құжаттарды қабылдау   хабарламасы  білім беру ұйымының   Интернет-ресурсында және (немесе) әлеуметтік желілердің ресми аккаунттарында жарияланған   күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде,   яғни,  2022 жылғы 20 желтоқсан   мен 28 желтоқсан аралығында «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік  мекемесінің «М.Әуезов  атындағы орта мектеп» КММ–де қабылданады (Қызылшарық ауылы, Максутов көшесі, №15). 

         Қосымша мәліметтерді 872776-77591 телефон нөміріне хабарласып немесе cr_sh_auesova@mail.ru электронды поштасына хат жазу арқылы іс-жүргізуші М.Ашикеевадан  білуге болады. 

Похожие публикации:

20 декабрь 2022 Хабарландыру
15 сентябрь 2022 Хабарландыру
13 август 2022 Хабарландыру
11 август 2022 Хабарландыру
12 август 2022 Хабарландыру