Хабарландыру » М.Әуезов атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"М.Әуезов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
август
2023

Хабарландыру

Хабарландыру


  «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына (ҚР Білім және ғылым министрінің 19.11.2021 № 568 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің  22.11.2021 № 432 бірлескен бұйрығымен өзгерістер енгізілген) сәйкес    Қызылшарық  ауылы, Максутов  көшесі №15  үйде орналасқан (тел: 872776-775-91, cr_sh_auesova@mail.ru) «Алматы облысы білім басқармасының  Еңбекшіқазақ ауданы   бойынша   білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «М.Әуезов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагогі мектеп алды даярлық тобының мұғалімі қызметі уақытша (1 жылға) бос лауазымды орынға конкурс  жариялайды.


Мектеп алды даярлық тобының педагогінің лауазымдық міндеттері:

    оқытылатын тілдің ерекшелігін ескере отырып, балаларды оқытуды жоспарлайды және ұйымдастырады;

      қазақ, орыс тілдерін меңгеру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ететін балалармен ұйымдастырылған оқу қызметін жүргізеді;

      мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, олардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға ықпал етеді;

      оқытудың түрлі формаларын, әдістерін, тәсілдері мен құралдарын сауатты қолданады, инновациялық технологияларды меңгерген;

      жоспарлауға ғылыми-әдістемелік тәсілді жүзеге асырады, дамытушы оқытуға орната отырып, сабақтарға бағдарламалық материалды пысықтайды және түзете алады;

      бағдарламаларды, оқу-әдістемелік кешендерді әзірлейді;

      әдістемелік бірлестіктердің қызметіне, білім беру ұйымдарында балаларға арналған іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысады, кәсіби құзыреттілікті арттырады;

      тәрбиеленушілердің ата-аналарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

      ұйымдастырылған оқу қызметі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауға жауап береді.

     Білуге тиіс: 

     Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдары және Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілері;

     педагогикалық этиканың нормалары;

     мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты; 

     педагогика және психология негіздері, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;

     балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау жөніндегі нұсқаулық талаптар;

     еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар;

     дәрігерге дейінгі медициналық көмек негіздері.

Біліктілікке қойылатын талаптар: 

     жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды; 

     және (немесе) біліктілігінің орта деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл;

     және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі – 5 жыл.

    Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

    1) "педагог":

    қазақ, орыс тілі мұғалімдеріне қойылатын талаптарға жауап беруі, сондай-ақ:

    бағдарламалық материалдың мазмұнын білу;

    мектепке дейінгі тәрбие әдістемесін білу;

    жас ерекшеліктерін ескере отырып, балаларды тәрбиелеу мен оқытуды жүзеге асыру;

    дағдыларды дамыту деңгейін диагностикалауды жүргізу;

    МДҰ-ның әдістемелік жұмысына қатысу;

    инновациялық тәжірибені зерттеу;

    баланың дамуындағы заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны рәсімдеуге қатысу;

    ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолдану;

    тәрбиеленушілердің жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету, білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысу, тәрбиеленушілердің қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыру, кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын пайдалану, цифрлық білім беру ресурстарын қолдану;

   2) "педагог-модератор":

   "педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес келуі тиіс:

    бағдарламалық материалдың мазмұны мен құрылымын білу;

    инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану; 

    әртүрлі жас топтарында дағдыларды дамыту деңгейін диагностикалауды жүргізу;

    әдістемелік жұмысқа қатысу: білім беру ұйымдарындағы педагогикалық кеңестерге қатысу, баланың дамуындағы пәндік-кеңістіктік дамытушы ортаны қайта құруға, әдістемелік бірлестіктер, семинарлар, конференциялар қызметіне белсенді қатысу;

    кәсіби біліктілігін арттыру;

    білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтау; 

    білім беру ұйымы деңгейінде конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы;

    3) "педагог – сарапшы": 

    "педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

    мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыруда әдістемелік жұмысқа, аудан, қала деңгейіндегі іс-шараларға қатысу:

     педагогикалық кеңестерде сөз сөйлеу, өзінің кәсіби біліктілігін арттыру; 

     ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын пайдалану, тәлімгерлікті жүзеге асыру және білім беру ұйымы деңгейінде өз әріптестерін және кәсіби даму басымдықтарын айқындау, аудан/қала деңгейінде тәжірибені жинақтау, аудан/қала деңгейінде конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы;

    4) "педагог-зерттеуші":

     "педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ: 

     оқу бағдарламаларын, оқыту әдістемелерін әзірлеу дағдылары мен дағдыларын пайдалану; 

     аудандық, қалалық әдістемелік бірлестіктердің, семинарлардың, конференциялардың қызметіне қатысу;

     балалардың зерттеу дағдыларын дамыту;

     балалардың қалалық, облыстық байқауларға қатысуын жүзеге асыру; 

     тәлімгерлікті қолдану; 

     көпшілік алдында сөз сөйлеу және аудиториямен өзара іс-қимыл жасау дағдыларын пайдалану; 

     мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудың қазіргі заманғы әдістемелерін қолдану;

     аудан, қала деңгейінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру бойынша әдістемелік әзірлемелері болуы тиіс;

     оқушылардың зерттеу дағдыларын пайдалану және бағалау құралдарын әзірлеу, оқушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету, тәлімгерлікті жүзеге асыру және аудан, қала деңгейінде педагогикалық қоғамдастықта даму стратегиясын айқындау, облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана деңгейінде тәжірибені жинақтау, облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана деңгейінде конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы;

    5) "педагог-шебер":

    "педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ: 

    жаңа бағдарламалар мен педагогикалық технологияларды игеру бойынша эксперименттік жұмысқа қатысу; 

     республикалық деңгейдегі шығармашылық конкурстарға қатысу қорытындысы бойынша балалардың жетістіктері болуы;

     республикалық деңгейдегі әдістемелік жұмысқа, республикада тәжірибені трансляциялау мен енгізуге белсенді қатысу;

     РОӘК мақұлдауын алған оқу-әдістемелік құралдардың, баспадан шыққан бағдарламалардың авторы (тең авторы) немесе авторлық бағдарламасының болуы;

     жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету, тәлімгерлікті жүзеге асыру және облыс деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау;

     білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен республикалық және халықаралық конкурстарға қатысушы болу немесе республикалық және халықаралық конкурстарға қатысушыларды дайындау.


Лауазымдық жалақы мөлшері - шамамен 100 000 – 200 000  теңге.


Білім беру мекемесі хабарландыру шыққан күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде бос лауазымға орналасуға мынадай құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады:

     1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

       6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

      10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) pass a; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT)) - 60-65 балл; болу керек.

      11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.

       12) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

      13) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

 "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабында көрсетілген адамдар конкурсқа қатысуға жіберілмейді. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жұмысқа орналасуға тыйым салатын сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық және/немесе педагогикалық әдеп нормаларын бұзу туралы мәліметтер анықталған жағдайда, педагог конкурстың кез-келген кезеңінде шеттетіледі.

Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

Үміткерлерден  құжаттарды қабылдау   хабарламасы  білім беру ұйымының   Интернет-ресурсында және (немесе) әлеуметтік желілердің ресми аккаунттарында жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде ,  яғни,  2023 жылғы 14 тамыз   бен 22 тамыз   аралығында  «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік  мекемесінің «М.Әуезов  атындағы орта мектеп» КММ–де қабылданады (Қызылшарық ауылы, Максутов көшесі, №15). 

       Қосымша мәліметтерді 872776-77591 телефон нөміріне хабарласып немесе cr_sh_auesova@mail.ru электронды поштасына хат жазу арқылы   іс-жүргізуші М.Ашикеевадан  білуге болады. 



Похожие публикации:

14 август 2023 Хабарландыру
14 август 2023 Хабарландыру
14 август 2023 Хабарландыру
31 март 2023 Хабарландыру
12 август 2022 Хабарландыру