Ахмоллаева Маржан Нурыксановна » М.Әуезов атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"М.Әуезов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ахмоллаева Маржан Нурыксановна
08
апрель
2021

Ахмоллаева Маржан Нурыксановна


Қызметтік мінездеме


1. Тегі, аты, әкесінің аты:      Ахмоллаева Маржан Нурыксановна

2. Лауазымы, жұмыс, қызмет орны: Еңбекшіқазақ ауданы Әкімдігінің «Еңбекшіқазақ ауданының білім бөлімі»ММ «М.Әуезов атындағы  орта   мектеп» КММ, мектеп директоры, физика және информатика пәнінің жоғары санатты мұғалімі.

3. Жынысы: әйел

4. Туған жылы және туған жері: 26.11.1971ж, Алматы обл, Кеген ауданы, Ұзынбұлақ ауылында туған.

5. Ұлты: қазақ.

         6. Білімі: Жоғарғы, 2005 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының физика– информатика пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітірді.

7. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: жоқ.

8. Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік наградаларымен марапатталған және марапатталған күні:

Аудандық білім бөлімінің грамотасы 2014ж, 2015 жылдары

«Жарқын болашақ» республикалық ғылыми- әдістемелік журналының алғыс хаты, 2017ж

«Platon» халықаралық білім дамыту орталығының алғыс хаты, 2018ж

«Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігінің алғыс хаты, 2017ж, 2019ж

«Назарбаев зияткерлік мектебі» дербес білім беру ұйымы ПШО Алматы қаласының филиалының алғыс хаты, 2019

Республикалық жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының алғыс хаты,2019

Республикалық «Ұлы дала ұрпақтары» байқауының құрмет грамотасы, 2019

Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының Құрмет грамотасы,2020ж

ҚР білім еру саласында ерекше еңбегі мен шығармашылығы  үшін «Үздік директор» төсбелгісі,2020ж

«Педагогика саласының үздік қызметкері» төсбелгісі,2020ж

9. Мекен-жайы: Алматы облысы, Енбекшіқазақ ауданы,  Қайрат ауылы,   көшесі

10. Жалпы жұмыс өтілі: 31жыл.

11. Саладағы жұмыс өтілі:24 жыл.

12. Қазіргі еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі: 1 жыл

13. Ахмоллаева Маржан Нурыксановназаман талабына сай, білім саласындағы орынды өзгерістер мен жаңалықтарды өз тәжірибесі барысында пайдалануда,өскелең ұрпақтың функционалды сауатты етіп тәрбиелеу үшін білім беру жолында физика және информатика пәнін тиімді оқытуда. Оқу үшін және оқыту үшін бағалау үрдісін қалыптастыру арқылы, білім алушылар өзара оқыта отырып өз біліктілігін де арттыруына қол жетізілуде. Ал, осы мақсатқа қол жеткізу үшін Маржан  Нурыксановна  кәсіби біліктілігін тұрақты жетілдіріп отырады. Оған дәлел, 2016 жылы критериалды бағалауды енгізу бойынша мектеп үйлестірушілерінің курсы, 2017жылы мектеп басшыларының және 2018 жылы физика пән мұғалімінің білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім жетілдіру курсы,  2019-2020 жылдары Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдасры басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша 9 айлық курсын аяқтап, тиісті сертификаттарын алды.

Пән бойынша оқушыларының біліктілігін ескере отырып, жарыстарға қатысуына ықпал ете отырып, жеңіске жеткен мезеттер де бар. Атап айтсақ, 11 сынып оқушысы Нурахмет Ақбота аудандық ғылыми жоба байқауының информатика секциясы бойынша «Microsoft Exсel бағдарламасында қарапайым сөзжұмбақ құру, тест бағдарламасын құру»  тақырыбында ғылыми жоба қорғап, 2- орын иеленді, 7 сынып оқушылары Усаржан Карина мен Мырзахмет Аида «Қысым» тарауына сөзжұмбақ құрастырып «Инфоурок» сайтына жариялады. 11 сынып оқушысы Шарипов Жандос «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігінің ғылыми- практикалық конференциясына қатысып, І дәрежелі дипломымен марапатталды.

Республикалық «Жас дарын» дарынды балалар орталығы ұйымдастырған ғылыми жоба байқауында оқушылары Сабырбек  Е,  Мантай А, Шаймерден Г, Жүнісбек А жүлделі орындар иеленді.

М.Ахмоллаева өзінің   іс- тәжірибесімен  үнемі аудан, облыс, республика көлемінде бөлісіп отырады. 

 Республикалық «Жоғары  және орта мектеп тынысы» ғылыми- әдістемелік журналының 2016 ж № 2(11) санында сыныптан тыс «Программа құрылымы. Шамаларды сипаттау» тақырыбындағы  сабағы  жарық көрді. 

Республикалық «Мұғалім мінбері» ғылыми- әдістемелік журналының 2015ж №5-6(12) санында  «Физика тәжірибелері» тақырыбындағы сыныпта қолжетімді көрсетілімдер жинағы көрді.

Республикалық «Педагогикаәлемі» ғылыми- әдістемелік педагогикалық журналының   2018ж № 3 санында  «Жылу қозғалтқышының ПӘК-і» тақырыбындағы ҚМЖ жарық көрген. 

Республикалық  ғылыми-әдістемелік «Жарқын болашақ» журналының 2019ж қараша айының №4 (2) «Психологиялық зерттеу бойынша өзін-өзі бағалаудың чек парақшасын жасау жолдары қандай» тақырыбында коучинг материалдары жарық көрді.

Басшы ретінде ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, әр маманның  кәсіби біліктілігін арттыруда  өз тәжірибесімен бөлісе отырып, тиімді кері байланыс орнату арқылы ұжымда ынтымақтастық қарым- қатынас қалыптасқан. Бүгінгі таңда  Нұрлы орта мектебі, мақсатты ұйымдастырылған жұмыс пен ұйымшыл және жаңашыл ұжым қызметі арқасында мемлекеттік стандарт пен талапқа сай оқу-тәрбие ісінде сапалы көрсеткіштерге ие болып, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда оң нәтижелерге жетті. Атап айтса, 2018-2019 жылы көп жылдарды араға сала отырып, 11 сынып оқушысы Тұрысбекқызы Ақмаржан үздік аттестат иегері атанды.

М.Ахмоллаева өз әріптестерінің арасында тәжірибе тарату мақсатында аудандық «Ашық есік» семинарларына атсалыса отырып, өзі қызмет ететін мектебінде де ұйымдастырды. Өз тәжірибесінен «Бағалау кімге   керек?» атты ата-анамен жұмысын көрсетті. Келесі ретте, магниттік мектептер арасында семинарда семинарға қатысушы әріптестерімен «Кері байланысты тиімді ұйымдастыру жолдары» атты тренинг өткізді. Аудан мектептерінде қызмет ететін директорлар арасында ұйымдастырылған семинарларға белсене атсалыса отырып, конкурстарында жоғары жүлде жеңіп алды. Дирекорлармен ұйымдастырған семинарда «Бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық бағалауда мұғалім кездесетін кедергілер мен қиындықтар, шешу жолдары» атты қазіргі кезде аса маңызы зор тақырыпты ортаға сала отырып, әріптестерінің арасында да көп ой толғаныс тудыра алды.  2019 жылы білім бөлімі басшыларының 9 айлық курсы базасында өткізілген республикалық семинарда «Қалдырған ізің мәңгілік...» атты рефлексия жасаудың маңызына тоқталатын сабақ өткізді. Бұл семинарда Қазақстанның әр тарапынан келген мектеп басшылары өз пікірлерімен бөлісе отырып, көптеген толғандырған сұрақтарына жауап алды. 

Басқарып отырған уақыттан бері мектептің білім сапасы 42% -дан 62 % -ға көтерілді. Республикалық «Ұлы дала ұрпағы» байқауы мен «Өшпес- ғұмыр, өміршең-жыр» Халықаралық байқауының кубоктарының иегері атанды. 2019 жылы ұстаздармен ұтымды ұйымдастырылған жұмыс нәтижесі ретінде Республикалық «Ұлы дала ұрпағы» байқауының екі дүркін алғыс хатының иегері атанды. Басшы ретінде оңтайлы ұйымдастырылған шаралар мен іс- әрекеттер негізінде ұжым арасында өзара сыйластық пен әріптестік көзқарас қалыптасқан. 

М.Ахмоллаева өз мамандығына аса жауапкершілікпен қарайтын әріптес және талапшылдығы мен тынымсыз еңбегімен әріптестеріне, жастарға үлгі бола білетін көшбасшы ретінде танылады. Мектептің оқу- тәрбие ісін жандандырудағы әріптестермен жұмысы, материалды- техникалық базасы бойынша демеушілермен жұмыстарының оң нәтиже беруі, ата-аналар мен қауыммен бірлескен жұмысындағы сыйластық өзара сенім мен талапшылдықтың, жоғары деңгейдегі ізденім паздықтың нәтижесі. 


Похожие публикации:

09 декабрь 2020 Мектеп тарихы