Конкабаева Бубижан Оразовна » М.Әуезов атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"М.Әуезов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Конкабаева Бубижан Оразовна
15
апрель
2021

Конкабаева Бубижан Оразовна

  Конкабаева Бубижан Оразовна  Алматы облысы, Шелек ауданы, Қаратұрық ауылында 19.01.1962 жылы дүниеге келдім. Қаратұрық ауылындағы Калинин атындағы орта мектепті 1979жылы бітірдім.

          1979жылы онжылдық мектепті бітірген соң, 1982жылға дейін Қаратұрық мектеп интернатында тәрбиеші қызметін атқардым. 1982жылы Алматы энергетикалық институтына түсіп,1987жылы осы институтты ойдағыдай бітіріп шықтым. Осы жылы , 01.09.1987жылы Шелек ауылындағы кәсіптік техникалық училище  СПТУ-ге электротехника пәнінің оқытушысы ретінде жұмысқа қабылдандым. Бұл оқу орнында   1990жылға дейін жұмыс атқарып, отбасы жағдайыма байланысты 1990жылы Қаратұрық мектеп-интернатына физика пәнінің мұғалімі ретінде ауыстым.

          1992жылы Шелек ауылының азаматы Шонкабаев Бекжанға тұрмысқа шықтым. 

          1998жылы Қызылшарық ауылындағы М.Әуезов атындағы орта мектепке физика пәнінің мұғалімі ретінде жұмысқа   қабылдандым. 03.04.2018жылы Жоғарғы санатты физика пәні мұғалімі біліктілік санатын бекітіп, осы біліктілік санатпен жұмыс жасаудамын.  Қазіргі таңда осы Қызылшарық ауылында тұрамын,  бір ұл, бір қызымыз бар.

          Жеткен жетістіктерім: 2018жыл Асы ауылдық оқругінің Алғыс хаты, 06.01.2019жыл «Ұстаз тілегі» Республикалық ұстаздар сайтында авторлық материал жариялағаным үшін сертификат, 16.03.2019жыл «Жас Дарын» Республикалық Дарынды балалар орталығының  Алғыс хаты, 2019жыл «Дарын» Республикалық Ғылыми  практикалық орталығының І дәрежелі грамотасымен, 2019жыл «Жарқын Болашақ» ғылыми республикалық әдістемелік журналының алғыс хаты, 26.01.2020жыл NIO.KZ  Республикалық Ұлттық Интернет олимпиадасының ұйымдастыру комитетінің алғыс хаты, 22.05.2020жыл «Ұстаз тілегі» Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының сертификаты, 22.05.2020жыл «Ұстаз тілегі» Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының алғыс хаты, 22.05.2020жыл «Ұстаз тілегі» Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының құрмет грамотасы, 22.05.2020жыл «Ұстаз тілегі» Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының алғыс хаты, 2020жыл «Алматы облысы Білім беру мекемелері қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» кәсіптік бірлестігінің мадақтамасы, 2020жыл Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің алғыс хаты, 02.10.2020жыл Халықаралық ғылым мен білім орталығының авторлық бағдарламасын баспадан шығарғаны үшін  сертификат   және құрмет грамотасымен марапатталдым.