Матбакиева Венирэм » М.ӘуезовСредняя школа имени
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"М.ӘуезовСредняя школа имени "
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
15
апрель
2021

Матбакиева Венирэм

Матбакиева Венирэм,23.02.1967 Жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ Ауданы Шелек ауылында дүниеге келдім.  1984 жылы Қызылшарық ауылындағы М.Әуезов  атындағы орта мектебін аяқтадым. 1984- жылы  Абай атындағы Еңбек Қызыл Ту  орденді  қазақ   педагогика институтына  түсіп, 1989 жылы  аталған  институттың   ұйғыр тілі  және  әдебиеті,орыс тілі  және   әдебиеті  мамандығы  бойынша   бітіріп  шықтым.Еңбек жолын 1989 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қызышарық   ауылы М.Әуезов атындағы  орта мектебінде бастадым.Сол жылдан  осы жылға дейін өз  мамандығым (ұйғыр  тілі және әдебиеті пәндері  бойынша) осы   мектемте  істеп  келіп   жатырмын.

          Білімім  жоғары.Педагогикалық  өтілім- 31 жыл.Жалпы кәсіптік   қызметіндегі алға қойған  мақсатым   мен ұстанымым :  «Әр түрлі  әдіс – тәсілдер  негізінде   оқушының  ойлау, есте  сақтау   қабілетін  дамыту, деңгейлік  тапсырмаларды   орындауға  қалыптастыру».Жаңа  педагогикалық   технологиялардың  элементтерін  сабақтарда, оқыту  процесінде   барынша  қолдана отырып,сабақтың  сапалы  өтуін   басты  назарда ұстаймын. 2019 жылы 15қарашада  «педагог- зерттеуші» біліктілік  дәрежесі  бойынша   ұлттық  біліктілік  тестілеуден   өттім.

         Заман  талабына сай   компьютерді еркін   меңгергенмін.Оқушыларымды аудандық, облыстық,республикалық байқауларына үнемі  қатыстырып отырамын.