Мырзагалиева Аяулым Бахтияровна
Мырзагалиева Аяулым Бахтияровна 21.11.1996 жылы Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылында дүниеге келдім.Әкем Бахтияр күзетші. Анам Нүргүл бала – бақшада тәрбиеші.
2012 жылы Қырғызсай орта мектебінің 9 сыныбын бітірдім. 2012-2016 жылдары Есік гуманитарлық – экономикалық колледжінің «қазақ тілі мен әдебиеті пәні» мамандығы бойынша білім алдым. Еңбек жолын 2016 жылыАлматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Дихан орталау мектебінен бастадым. 2020 жылы М.Әуезов атындағы орта мектебіне ауыстым. Марапаттарым: «Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында жаңа инновациялық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту» авторлық бағдарламам жарық көрді. Тәуелсіз Қазақстанның рухани даму жолында ұрпақ тәрбиесіне сіңірген еңбегімен және білім саласының дамуына қосқаны үлесі үшін Құрмет грамотасымен марапатталдым.
Отбасылымын. Жолдасым Әбжан Азамат М.ӘуезовСредняя школа имени те дене шынықтыру пән мұғалімі. Екі балам бар. Иманмұхамет Айару, Иманмұхамет Али.