Омекова Куляш Тұрғанқызы
Омекова Куляш Тұрғанқызы 1962.22.09 Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы Қызылшарық ауылында дүниеге келдім. 1970-1980жж М.ӘуезовСредняя школа имени ті бітірдім. 1982-1987 жж Абай атындағы Еңбек Қызыл Ту орденді қазақ педагогика институтында «басқа ұлт мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша толық курсын» бітірдім. 1981 жылы балабақшада қызмет атқардым. 1981 жылы КАЗПИ – ға дайындық курсына түстім.1997-2001жж Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогика институтын «қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі» мамандығы бойынша білім алдым. Еңбек жолымды 1980 жылы жұмысшы болып бастадым. 1987 жылы Ақтөбе облысы Талды мектебінде мұғалім болып қызмет атқардым.1989 жылы №4 бала - бақшада қызмет атқардым.1992 жылы Есік қаласындағы №3 бала-бақшаға жұмысқа қабылдандым.1992 жылы Александрова ауылына мектепке ауыстырылып мұғалім болып жұмыс істедім.1994 жылы М.Әуезов орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет атқардым.2015 жылдан бастап М.Әуезов орта мектебінде дефектолог – логопед болып қызмет атқарамын.Марапаттарым:Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының қолдауымен «Мың бала» интеллектуалды білім сайтының ұйымдастыруымен өткен білім саласы қызметкерлеріне арналған «Мұғалім шеберханасы» атты шығармашылық байқауына «Лучший сабақ жоспары» номинациясы бойынша қатысып,үздік нәтиже көрсеткені үшін 1 орын Диплом.Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының ұйымдастыруымен өткен білім саласы қызметкерлеріне арналған «Педагог мәртебесінің қалыптасуы – кәсіби біліктілікпен әдістемелік негізінде» атты республикалық конференциясына қатысып, білім саласының дамуына қосқан үлесі үшін Диплом.Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының қолдауымен «Мың бала» интеллектуалды білім сайтының ұйымдастыруымен өткен білім саласы қызметкерлеріне арналған «Талантты мұғалім – 2021» атты шығармашылық байқауына «Лучший дефектолог» номинациясы бойынша қатысып, үздік нәтиже көрсеткені үшін 1 орын диплом. Халықаралық білім мен ғылымды қолдау орталығымен «Эрудит» интеллектуалды білім сайтының ұйымдастыруымен білім беру мекемелеріндегі ұстаздардың арасынан ең озық ұстаздарды анықтау, оларды қолдау мақсатында ұйымдастырылған «Жаңашыл мұғалім - 2021» атты І Республикалық олимпиадада үздік нәтиже көрсеткені үшін диплом. «Педагог хабаршысы» Республикалық педагогикалық ғылыми – практикалық материалдар топтамасының № 01 санына үздік жұмысын жариялағаны үшін диплом, мақала.