Бекбосынова Гүлнұр Нүсіпжанқызы
Бекбосынова Гүлнұр Нүсіпжанқызы 1989 жылы 9 шілдеде Еңбекшіқазақ ауданы Асы-саға ауылында дүниеге келдім. 2006 жылы Алматы қаласы Заң колледжіне оқуға түстім.2009 жылы оқуымды аяқтадым. 2010жылы Шелек ауылында «Халыққа қызмет көрсету орталығында» инспектор болып жұмысқа тағайындалдым.Ол жерде жақсы қызмет атқарғаным үшін алғыс хаттармен марапатталдым.
2017-2019жылдары Мұхтар ӘуезовСредняя школа имени те хатшы болып жұмыс істедім.
2019жылы Аймақтық Әлеуметтік инновациялық университетін тарих мамандығы бойынша аяқтадым.
2019-2020 оқу жылында Мұхтар Әуезов атындағы орта мектепте әлеуметтік педагог қызметін атқардым. 2020жылдан бері осы мекемеде тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасаймын. Осы еңбек жолында жеткен жетістіктерім:
2019 жылы «Жарқын болашақ»Республикалық ғылыми-әдістемелік журналының Абай Құнанбаевтың 175жылдығына орай ұйымдастырған «Ұлылардың ұлысы-Абай» атты тақырыпта өнер байқауына шәкірт дайындағаным үшін дипломмен марапатталдым. 2020 жылы Еңбекшіқазақ ауданының білім бөлімінің «Алғыс хатымен» марапатталдым 2021 жылы Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының «Құрмет грамотасымен»марапатталдым.