Абекова Дариға Баймухановна » М.Әуезов атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"М.Әуезов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Абекова Дариға Баймухановна
15
апрель
2021

Абекова Дариға Баймухановна

   Абекова Дариға Баймухановна 1975 жылы 26 қаңтарда Алматы облысы Кеген ауданы Күрметі ауылында дүниеге келдім. 

1990  жылы Кеген ауданында Казлес орталау мектебінің 9 сыныбын бітіріп,  1990 жылы Есік педагогикалық училищесінің кәсіптік оқыту бөліміне оқуға түстім. 1994 жылы училищені бітіріп Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы  Қызылшарық ауылында  М.Әуезов атындағы орта мектебіне еңбекке баулу пәнінен мұғалім болып жұмысқа қабылдандым. 

2001 жылы жоғары оқу орны Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтына түсіп, 2004 жылы аталған институтты кәсіптік оқыту мамандығы бойынша бітіріп шықтым. 

Аталған мектепте 26 жыл қызмет етіп келемін.Санатым – бірінші санат. Осы еңбек жолында жеткен жетістіктерім: 

2020 жылы «Көркем еңбек, кәсіптік оқыту пәндерін ұйымдастырудың   әдістемелік негіздері» әдістемелік көмекші құрал жарыққа шықты. 

2017 жылы  Республикалық Білім беру әдістемелік орталығы «Алғыс хаты»

2017 жылы Республикалық «Жас Дарын» орталығы «Алғыс хаты», «Алғыс хаты»

2018  жылы Республикалық «Жас Дарын» орталығы «Алғыс хаты», «Алғыс хаты»

2020 жылы Еңбекшіқазақ аудандық білім беру бөлімінің мадақтамасы 

2017 жылы Республикалық «Ұлттық интернет олимпиадасының»  

Тұрмыстамын, жолдасым-Абеков Есболат Қадырович. Төрт баламыз бар . Қызым Қадыр Ақерке-студент, ұлдарым-Қадыр Елдар-11 а сынып оқушысы, Қадыр Хамза-7 а сынып оқушысы, қызым-Қадыр Аиша -1 а сынып оқушысы.