Джумадилова Бану Багжановна » М.Әуезов атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"М.Әуезов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Джумадилова Бану Багжановна
15
апрель
2021

Джумадилова Бану Багжановна

   Джумадилова Бану Багжановна    Алматы облысы, Шелек ауданы, Асысаға  ауылында 20.04.1984 жылы дүниеге келдім. Асысаға ауылындағы Т.Қабылов  атындағы орта мектепті 2001жылы үздік аттестатпен тамамдадым.

         2002жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтына   түсіп, 2006жылы аталған институттың математика мамандығы бойынша аяқтадым.

         2005жылы Курманиязов Н.С деген азаматпен  тұрмыс құрдым. 2006жылғы туылған қызым, 2008жылы, 2013жылы, 2020 жылы туылған үш ұлым бар,  яғни төрт бала тәрбиелеудеміз.

2008жылдың қаңтар айынан Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қызылшарық ауылындағы М.Әуезов атындағы орта мектепте өз еңбек жолымды бастап кеттім. Қазіргі таңда аталған мектепте математика пәні мұғалімі болып жұмыс жасаудамын. 

07.06.2017жылы бірінші санатты, 13 разрядты математика пәні мұғалімі лауазымын бекіттім.

          Ұстаздық жолында жеткен жетістіктерім: 17.03.2018жыл «Жас Дарын» Республикалық Дарынды балалар орталығының  Алғыс хаты, 28.12.2018жыл NIO.KZ Республикалық Ұлттық Интернет олимпиадасының ұйымдастыру комитетінің алғыс хаты, 2018жыл « Алматы облысы Білім беру мекемелері қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің мадақтамасы, 06.01.2019жыл Ұстаз тілегі Республикалық ұстаздар сайтында авторлық материал жариялағаным үшін сертификат , 01.02.2019жыл «Жас Дарын» Республикалық Дарынды балалар орталығының  Алғыс хаты 09.02.2019жыл  ТIO.KZ Республикалық Ұлттық Интернет олимпиадасының ұйымдастыру комитетінің Құрмет грамотасы, 16.03.2019жыл «Жас Дарын» Республикалық Дарынды балалар орталығының  Алғыс хаты,2019жыл «Жас Дарын» Республикалық Дарынды балалар орталығының  «Дарынды ұстаз» төсбелгісімен ,2021жыл   Халықаралық ғылым мен білім орталығының авторлық бағдарламасын баспадан шығарғаны үшін  сертификат  және құрмет грамотасы, 29.03.2021жыл  «Ustaz tilegi» ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған Республикалық Математика пәнінен   І-дәрежелі дипломмен марапатталдым.