Ниязбакиева Чимангул Мусаевна » М.Әуезов атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"М.Әуезов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ниязбакиева Чимангул Мусаевна
14
апрель
2021

Ниязбакиева Чимангул Мусаевна

                               

            Жалпы жұмыс өтілі: 31 жыл.

                                                               Саладағы жұмыс өтілі:26 жыл.

      15.11.1969 ж, Алматы обл, Шелек  ауданы, Дихан ауылында туған.

   Білімі: Жоғарғы, 2004 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық  институтының физика– информатика пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.

     1995 жылдан бастап «М.Әуезов атындағы орта мектеп» КММ, физика және информатика пәндерінің мұғалімі қызметін атқаруда

      Педагогикалық тәжірибесі мол, заман талабына сай оқытудың жаңа әдістерін меңгерген инновациялық технологияларды қолданатын шығармашылықпен жұмыс істей білетін ұстаз оқушыларына саналы түрде білім беруді   өзінің борышы деп санайды.«Оқушыңды өзіңнің қарапайым жылы лебізіңмен сыйлата білмесең, құр қаталдықтан түк те шықпайды»,- деген Л.Н.Толстойдың кереметтей сөздерін ұстанымына айналдырған. Себебі, өзінің қарапайымдылығымен, мейірімділігімен және сауаттылығымен кез-келген шәкірт жүрегін жаулай білуге болады деп есептейді. 

    Көптеген шәкірттерге сапалы білім беріп, біршама белестерді бағындырып, көптеген жетістіктерге жете білді. Өзінің жеткен жетістіктері қаншама, шәкірттерінің жеткен жетістіктері қаншама. Осындай талмай-тынбай жасаған еңбегінің нәтижесінде көптеген марапаттарға ие болған.  2014 жылы Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің «Алғыс Хаты» ; «Инфоурок» сайтының пәндік олимпиада өткүзү жұмысына белсенды қатысып жеңімпаздарды дайындағаны  үшүн Алғыс хаты  2015ж, 2016ж; «Технология и образование» халықаралық білім сайтының  Алтын грамотасы, 2016ж;  «konkurs-krugozor.ru»   алғыс хаты, 2016ж; Аудандық білім бөлімінің Құрмет грамотасы  2018ж; сондай-ақ 2019 жылы республикалық «Ұлы дала ұрпағы» шығармашылық байқауына, 2020 жылы «Tio.kz» оимпиадасына, «Ұстаз тілегі» республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы олимпиадасына шәкірттер даярлағаны үшін «Алғыс Хаттар», «Құрмет Грамоталары»,  және арнайы дипломдармен марапатталған. 2018 жылы «Кодтау» сағатын сәтті өткізгені үшін сертификат;

     Сонымен қатар, жастарға ерекше үлгі болатын қасиеттерінің бірі – ізденушілік. «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен-ақ оның ұстаздығы да жойылады»,- деген М.Әуезовтың қанатты сөзі бекер айтылмаса керек. Сондықтан ұлағатты ұстаз Чимангульдің үнемі ізденіп, әдістемелік жағынан да білімін жетілдіріп отыруы құптарлық іс.  2017 жылы «Есептеу және физика заңдылықтары» және «Мәңгілік ел жаңаша білім» атты республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық журналдарда мақалалары жарық көрген. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында цифрлық сауаттылық курсын өткені туралы сертификат; 2020 жылы халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығынан «Жаңартылған білім мазмұнына сәйкес физика, химия және математика пәндерін оқыту жолдары» атты әдістемелік көмекші құралы баспадан жарық көрді. 

     Ниязбакиева Чимангул кәсіби біліктілігінде тұрақты жетілдіріп отырады. Оған дәлел, 2015 жылы үшінші(базалық) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсын оқып аяқтады, 2018 жылы физика, информатика пән мұғалімінің білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім жетілдіру курсы,  «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында цифрлық сауаттылық курсын өткені туралы сертификат,  «Ustaz tilegi» республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Жиынтық бағалау жұмыстарын тиімді ұйымдастыру және өткізу жолдары» атты республикалық конференцисына қатысты.

      Әріптестері ортасында сабырлы, ақкөңіл ашық-жарқын мінезімен құрметке ие болған, өзінен кейінгі жастарға ақыл кеңесін аямайтын алдыңғы аға буын өкілдерінің бірі, ұрпақ тәрбиелеу саласында өзіндік орнын қалыптастырып, жастарға үлгі болып жүрген ұстаз.